25.08.2025 17:44
Канте Еуропаға оралуы мүмкін
25.08.2025 17:44
«Әл-Иттихад» ойыншысы Н'голо Канте мансабын Франция чемпионатында жалғастыруы мүмкін
Foot Mercato басылымының мәліметінше, 34 жастағы жартылай қорғаушыға «Монако» мен «ПСЖ» қызығушылық танытуда.
Сондай-ақ, франциялық футболшыны «Әл-Кадисия» өз қатарына қосқысы келеді.
Канте өткен маусымда «жолбарыстар» намысын 35 матчта қорғап, 4 гол мен 4 ассистті еншісіне жазды.