01.01.2026 14:58
Канселуға «Интер» мен «Барселона» таласып жатыр
01.01.2026 14:58
Португалия құрамасының қорғаушысы Жоау Канселу жақында клуб ауыстырады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, ол «Әл-Хиләлден» осы айда 100% кетеді. Қазіргі таңда 31 жастағы ойыншыны «Интер» мен «Барселона» аттай қалап отыр. Қос клуб та кеше Жоаудың агентімен байланысқа шығыпты.
Канселу биыл 11 матчта бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді.