01.01.2026 14:24
Желтоқсан айының үздік ойыншысы белгілі болды
01.01.2026 14:24
«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Райан Шерки желтоқсандағы үздік ойыншысы атанды

Бұл марапатты оған IFFHS нұсқасы табыстайды. 22 жастағы француз дауыс беру нәтижесінде Рафинья («Барселона») және Майкл Олисені («Бавария») қапы қалдырды.
Шерки өткен айда жеті матчта екі гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.
Ал қарашада «Арсенал» дүлдүлі Букайо Сака үздік деп танылған еді.