01.01.2026 14:45
Паскаль Гросс «Брайтонға» оралады
01.01.2026 14:45
«Боруссия» жартылай қорғаушысы Паскаль Гросс «Брайтонға» оралады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап трансфер бойынша толықтай келісімге келді. 34 жастағы неміс алдағы 48 сағаттың ішінде медициналық тексерістен өтеді екен.
Айта кетейік, Дортмундтың клубы Гроссты 2024 жылы дәл осы «Брайтоннан» жеті миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда 16 матчқа қатысып, екі нәтижелі пас берді.