25.08.2025 16:47

«Интер» ойыншысы «Ториноға» ауысты

25.08.2025 16:47

Кристьян Асллани «Торино» ойыншысы атанды

Туриндік клуб албаниялық жартылай қорғаушыны маусым соңына дейін жалға алды.

Сондай-ақ, келісімшартта сатып алу мүмкіндігі қарастырылған.

23 жастағы Асллани өткен маусымда 39 ойын өткізіп, үш гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, бүгін, 25 тамызда «Интер» мен «Торино» өзара күш сынасады. А Сериясының алғашқы туры аясында өтетін кездесу сағат 23:45-ке жоспарланған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram