28.10.2025 17:37

«Интер» ойыншысы абайсызда адам өлтірді

28.10.2025 17:37

«Интер» қақпашысы Хосеп Мартинес тізгіндеген көлік қарт кісіні қағып кетті

La Gazetta dello Sport мәліметінше, мүгедек арбасымен серуендеп жүрген 81 жастағы қария оқиға орнында қаза тапты.

Болжам бойынша, марқұмның жағдайы күрт нашарлап, бағыты өзгеріп кеткен. Салдарынан Мартинес айдап келе жатқан көлікке соқтығысты.

Қайғылы жағдайға байланысты бүгінге жоспарланған «Интер» – «Фиорентина» матчы алдындағы баспасөз мәслихаты өтпейтін болды.

27 жастағы қақпашы «Интер» сапында 2024 жылдың жазынан бері ойнайды. Осы аралықта 12 матчта сегіз гол өткізіп, жеті ойында қақпасын «құрғақ» сақтап қалды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram