28.10.2025 15:19

«Интер» ойыншысы бір айға қатардан шықты

28.10.2025 15:19

«Интер» жартылай қорғаушысы Генрих Мхитарян жарақат алды

Армян футболшысы «Наполиге» (1:3) қарсы ойында сол аяғының сан бұлшық етін зақымдап алды.

Осыған байланысты кеше медициналық тексерістен өтті. Нәтижесінде бір айға жуық алаңға шыға алмайтыны белгілі болды.

Сондай-ақ бұған дейін жарақат алған Маркус Тюрам мен Давиде Фраттези қатарға оралды. Тюрам ертең «Фиорентинаға» қарсы ойнамай, «Веронамен» кездесуге дайындалады. Ал Фраттези екі матчта да командасына көмектесе алады екен.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram