16.10.2025 08:33
«Интер» ойыншысы қатардан шықты
16.10.2025 08:33
«Интер» ойыншысы Маттео Дармиан жарақат алды

35 жастағы қорғаушы сол аяғының бұлшық етін зақымдап алыпты.
Осыған байланысты кемі бірнеше апта командасына көмектесе алмайды.
Соның салдарынан Италия біріншілігіндегі «Ромаға» және Чемпиондар лигасындағы «Юнион Сент-Жиллуаға» қарсы ойынға қатыспайды.
Дармиан осы маусымда екі матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алған жоқ.