12.02.2026 09:33
«Интер» Мхитарянмен келісімшартты ұзартпақ
12.02.2026 09:33
«Интер» жартылай қорғаушысы Генрих Мхитарян клубта қалуы мүмкін

Tuttosport хабарлауынша, Миланның ұжымы онымен келісімшартты тағы бір маусымға, яғни 2027 жылдың жазына дейін ұзартқысы келеді. «Нерадзурри» жақында оған жаңа келісімшарт ұсынады екен.
Мхитарян «Интерге» 2022 жылы «Ромадан» еркін агент ретінде ауысып келген еді. Ол осы маусымда 24 матчта бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.