12.02.2026 08:35
Шлоттербек жазда «Реалға» ауысады
12.02.2026 08:35
«Боруссия» қорғаушысы Нико Шлоттербек «Реалға» ауысуы мүмкін

Bild хабарлауынша, «бланкос» оны келер жазда қатарына қосып алғысы келеді. 26 жастағы неміс ойыншысын Дортмундтың клубы 40-50 миллион еуроға бағалап отыр. Никоның өзі тек «Реалға» ғана ауысуға дайын екен.
Шлоттербек осы маусымда 26 матчта үш гол соғып, екі нәтижелі пас берді.