12.02.2026 08:18
АПЛ клубы бас бапкерсіз қалды
12.02.2026 08:18
Шон Дайч «Ноттингем Форест» бас бапкері қызметінен қуылды

Клуб онымен 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды болған келісімшартты мезгілінен бұрын бұзды.
54 жастағы ағылшын маманы «орманшыларды» 21 қазан күні тізгіндеген еді. Оның тұсында команда 10 рет жеңіске жетіп, бес мәрте тең түссе, 10 матчта қарсыласына жол берді.
Осылайша «Ноттингем Форест» осы маусымда үшінші бапкерді орнынан алып тастады. Бұған дейін Нуну Эшпириту Санту мен Эндж Постекоглуды жұмыссыз қалдырған еді.
26 турдан кейін 27 ұпай жинаған клуб Ағылшын Премьер-лигасында 17-орында келеді.