11.04.2026 19:25

«Интер Майами» Каземироға келісімшарт ұсынды

11.04.2026 19:25

«Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы Каземиро мансабын АҚШ-та жалғауы мүмкін

Николо Скираның хабарлауынша, 34 жастағы ойыншыға «Интер Майами» қызығушылық танытып отыр. Флоридалықтар оған 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды болатын келісімшарт ұсынды. Қазір қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр. Каземироның өзі MLS клубына ауысуға дайын екен.

Сондай-ақ оған Сауд Арабиясы мен Еуропаның клубтары да қызығушылық білдірген. Осыған дейін Каземиро «Манчестер Юнайтедпен» келісімшартты ұзартпай, жазда клубтан кететінін хабарлаған еді.

Бразилиялық хавбек Манчестер клубының намысын 2022 жылдың жазынан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 30 матчта жеті гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram