11.04.2026 17:12
Ямаль жарақат алды
11.04.2026 17:12
«Барселона» шабуылшысы Ламин Ямаль жарақат алды

Sport.es хабарлауынша, 18 жастағы испаниялық ойыншы аяғының бұлшық етін созып алыпты. Осыған байланысты жаттығуды соңына дейін аяқтай алмаған. Салдарынан Ламин бүгінгі «Эспаньолға» қарсы Каталония дербиіне қатыспауы мүмкін.
Испания Ла Лигасының 31-турында «Барселона» бүгін, 11 сәуір күні өз алаңында «Эспаньолды» қабылдайды. Матч біздің уақытпен 21:30-да басталады.