11.04.2026 18:40
«Арсенал» жеңіліп қалды
11.04.2026 18:40
Ағылшын Премьер-лигасының 32-турында «Арсенал» өз алаңында «Борнмутқа» есе жіберді

«Эмирейтс» стадионында өткен кездесу 1:2 есебімен аяқталды. «Шиелердің» сапында Эли Жуниор Крупи мен Алекс Скотт мергендік танытты. Ал «Арсеналдың» жалғыз голын Виктор Дьокереш соқты.
Еншісінде 70 ұпайы бар «зеңбірекшілер» турнир кестесінде көш бастап тұр. Микель Артетаның шәкірттері келесі турда 19 сәуір күні «Манчестер Ситиге» қонаққа барады.