15.04.2026 01:02
Ямаль рекорд орнатты
15.04.2026 01:02
«Барселона» вингері Ламин Ямаль Чемпиондар лигасы ширек финалының қарымта матчында «Атлетико» қақпасына гол соқты

Осылайша ол турнирдегі 20-нәтижелі әрекетін (10 гол, 10 ассист) жасап, мұндай нәтижені тіркеген ең жас ойыншы атанды. Ламин рекордты 18 жас 275 күнінде орнатты.
Қазір матчта үзіліс, қос матчтың қорытындысы бойынша «Атлетико» 3:2 есебімен жеңіске жетіп жатыр.