05.12.2025 22:36
Ямаль Ла Лиганың үздік ойыншысы атанды
05.12.2025 22:36
«Барселона» вингері Ламин Ямаль Ла Лиганың қарашадағы үздік ойыншысы атанды

18 жастағы Испания ойыншысы өткен айда төрт ойында үш гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Осылайша дауыс беру нәтижесінде Килиан Мбаппе («Реал»), Антуан Гризманн («Атлетико»), Микель Оярсабаль («Реал Сосьедад») және Жерар Мореноны («Вильярреал») шаң қаптырды.
Ямаль осы маусымда жалпы 15 ойында жеті гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.