05.12.2025 21:49
Мбаппе «Реалдың» үздік ойыншысы атанды
05.12.2025 21:49
Килиан Мбаппе «Реалдың» қарашадағы үздік ойыншысы атанды

26 жастағы Франция шабуылшысы өткен айда бес матчта алты гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Осылайша бұл жүлдеге таласта Тибо Куртуа, Эдер Милитао, Арда Гүлер және Винисиус Жуниорды шаң қаптырды.
Мбаппе осы маусымда жалпы 20 ойында 25 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.