05.12.2025 20:07
Кейн «Баварияға» Англия ойыншысын шақырды
05.12.2025 20:07
«Кристал Пэлас» пен Англия құрамасының қорғаушысы Марк Гехи «Баварияға» ауысуы мүмкін

TMZ хабарлауынша, Харри Кейн 25 жастағы Гехиге Мюнхеннің клубында бірге ойнағысы келетінін айтыпты. Осыған дейін Кейн «Тоттенхэмнен» Эрик Дайерді де өзімен бірге алып кеткен екен.
Келер жазда келісімшарты аяқталатын Гехиге көз тіккендердің қатарында «Бавариядан» бөлек «Барселона» мен «Атлетико» және АПЛ-дың бірқатар клубтары бар.
Айта кетейік, Гехи осы маусымда Ағылшын Премьер-лигасында 13 ойында бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді.