09.01.2026 22:26

Ямаль Ла Лиганың үздік ойыншысы атанды

09.01.2026 22:26

«Барселона» дүлдүлі Ламин Ямаль Ла Лиганың желтоқсандағы үздік ойыншысы атанды

18 жастағы испан вингері өткен айда төрт матчқа қатысып, екі гол соқты.

Осылайша ол дауыс беру нәтижесінде Килиан Мбаппе («Реал»), Коке («Атлетико»), Йонуц Раду («Сельта») және Херман Вальераны («Эльче») артқа тастады.

Ямаль осы маусымда 22 матчта тоғыз гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram