09.01.2026 21:04

А Сериясының үздік бапкері белгілі болды

09.01.2026 21:04

Кристиан Киву Италия А Сериясының желтоқсандағы үздік бапкері атанды

Оның командасы «Интер» өткен айда «Комоны» (4:0), «Дженоаны» (2:1) және «Аталантаны» (1:0) тізе бүктірді.

45 жастағы жергілікті маманға бұл жүлде 11 қаңтарда өтетін «Наполиге» қарсы матчтың алдында табысталады.

Айта кетейік, 18 турдан кейін 42 ұпай жинаған «Интер» турнир кестесінде көш бастап тұр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram