09.01.2026 21:49
«Челси» топ-шабуылшыға көз тікті
09.01.2026 21:49
«Брентфорд» шабуылшысы Игор Тиаго «Челсиге» ауысуы мүмкін

Football Insider хабарлауынша, Лондонның клубы 24 жастағы форвардты өз қатарынан көргісі келеді. «Ақсүйектер» Игор үшін «Брентфордқа» 80 миллион еуро ұсыныс жасауға дайын екен.
Тиаго АПЛ осы маусымында 21 матчта 16 гол соғып, сұрмергендер тізімінде екінші орында келеді. Сондай-ақ ол әріптесіне бір нәтижелі пас берген.