01.07.2026 19:26
Ямаль: Альварестің орнында болсам, «Барселонаға» ауысар едім
01.07.2026 19:26
«Барселона» вингері Ламин Ямаль «Атлетико» шабуылшысы Хулиан Альвареске қатысты пікір білдірді

«Хулиан Альварес «Барселонаға» ауысады деген үміттемін. Егер ол келсе, қуана-қуана қарсы аламыз. Ол әлемнің ең үздік клубына қосылады. Альварестің орнында болсам, ойланбастан «Барселонаға» ауысар едім. Біз оны күтеміз. Келетін болса құтты қонақ етеміз»,– деді Ямаль.
Осыған дейін Педри де Альварес жайлы сөз етіп, келсе қуанатынын айтқан еді.