01.07.2026 18:56

Лапорта: «Альварес үшін «Атлетикоға» ұсыныс жолдадық»

01.07.2026 18:56

«Барселона» президенті Жоан Лапорта «Атлетико» шабуылшысы Хулиан Альвареске қатысты пікір білдірді

«Атлетикомен» сөйлестім. Хулиан үшін ұсыныс жолдадық және оның «Манчестер Ситиде» жүрген кезінен-ақ «Барселонаға» ауысқысы келетінін білеміз.

«Атлетико» Альваресті сатпаймыз деп отыр, себебі орнына дайын тұрған шабуылшы жоқ. Сосын оларға егер ойыншы табылып жатса, біздің Альваресті алуға әрқашан дайын екенімізді айттым»,– деді Лапорта.

Альварес «матрасшылар» сапына 2024 жылы «Манчестер Ситиден» 75 миллион еуроға ауысып келген еді. 26 жастағы Аргентина құрамасының форварды өткен маусымда 49 матчта 20 гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram