25.06.2026 19:42
Педри: Хулиан Альварес маған қатты ұнайды
25.06.2026 19:42
«Барселона» жартылай қорғаушысы Педри «Атлетико» шабуылшысы Хулиан Альвареске қатысты пікір білдірді

«Хулиан Альварес маған футболшы ретінде қатты ұнайды. Мен «Барселонада» әрқашан ұлы ойыншыларды көргім келетінін айтып жүремін. Егер Альварес бізге қосылатын болса, қош келсін»,– деді Педри.
26 жастағы аргентиналық форвард Мадридтің клубына 2024 жылы «Манчестер Ситиден» 75 миллион еуроға сатып алған еді. Ол биыл аяқталған маусымда 49 матчта 20 гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.