25.06.2026 15:47
Димарко «Интерде» қалады
25.06.2026 15:47
«Интер» қорғаушысы Федерико Димарко клубта әлі біраз ойнайды

Николо Скираның хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2030 жылдың 30 маусымына дейін ұзарту туралы тікелей келіссөз бастамақ. Қазіргісі келер жазда аяқталады, сондай-ақ оны тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі бар.
28 жастағы италиялық ойыншы «нерадзурри» намысын 2018 жылдан бері қорғап келеді. Ол биыл аяқталған маусымда 47 матчта сегіз гол соғып, 18 нәтижелі пас берді.