12.09.2025 15:37
Грилиш – АПЛ-дың тамыз айындағы үздік ойыншысы
12.09.2025 15:37
Джек Грилиш Ағылшын Премьер-лигасының тамыз айындағы үздік ойыншысы атанды
Англиялық жартылай қорғаушы дауыс беру нәтижесінде Марк Гехи («Кристал Пэлас»), Уго Экитике («Ливерпуль»), Жоао Педро («Челси»), Антуан Семеньо («Борнмут»), Эрлинг Холанд («Манчестер Сити»), Доминик Собослаи («Ливерпуль») және Риккардо Калафьориді («Арсенал») артқа тастады.
30 жастағы футболшы өткен айда Англия чемпионатының үш ойынына қатысып әріптестеріне төрт нәтижелі пас берді. Сонымен қатар, Джек бұл марапатқа мансабында алғаш рет қол жеткізді.
Айта кетейік, Грилиш мерсисайдтықтар сапына биыл жазда «Манчестер Ситиден» жалға ауысып келген еді.