27.06.2026 23:49
Гранит Джака «Челсиге» ауысуы мүмкін
27.06.2026 23:49
«Сандерленд» жартылай қорғаушысы Гранит Джака «Челсиге» ауысуы мүмкін

Фабрицио Романоның хабарлауынша, ол Хаби Алонсоның командасына қосылғысы келеді және Лондонға оралуға дайын. Қос клуб қазір келіссөз жүргізіп жатыр, ал «Челси» Джакамен жеке шарттар бойынша ауызша келісімге келді. Одан бөлек оған «Манчестер Юнайтед» те қызығушылық танытып отыр екен.
33 жастағы швейцариялық ойыншы өткен маусымда 36 матчта бір гол соғып, алты нәтижелі пас берді. Гранит «Сандерлендтен» бөлек «Байер» және «Арсенал» секілді клубтарда ойнаған.