27.06.2026 17:14

Гринвуд «Марсельден» кетеді

27.06.2026 17:14

«Марсель» шабуылшысы Мейсон Гринвуд клуб ауыстырмақ

Corriere dello Sport хабарлауынша, қазір оған «Фенербахче», «Әл-Хиләл» және «Рома» қызығушылық танытуда. Ал Гринвудтың өзі мансабын Римде жалғағысы келеді және «Ромадан» ұсыныс күтіп отыр.

«Марсель» Мейсон үшін 55 миллион еуро қалайды. «Рома» болса 45-50 миллион көлемінде ұсыныс жасамақ. Бұған дейін «Фенербахче» 35 миллион ұсынған екен, бірақ «Марсель» бетін қайтарған.

24 жастағы англиялық форвард өткен маусымда 45 матчта 26 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram