27.06.2026 13:48
Испанияның екі ойыншысы қатардан шықты
27.06.2026 13:48
Испания құрамасының вингерлері Нико Уильямс пен Йереми Пино Уругвайға (1:0) қарсы кездесуде жарақат алды

«Атлетик» ойыншысы Уильямс бұлшық етін зақымдап алыпты. Ал «Кристал Пэласта» ойнайтын Пиноның қолының бұғана сүйегі сынып кеткен екен. Осыған байланысты екеуі доданың қалған матчтарына қатыспауы мүмкін.
Айта кетейік, Испания 1/16 финалда J тобында (Аргентина, Аустрия, Алжир, Иордания) екінші орын алған командамен ойнайды.