27.06.2026 12:17
Дибала «Ромада» қалады
27.06.2026 12:17
«Рома» шабуылшысы Пауло Дибала клубта қалады

Николо Скираның хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2028 жылдың жазына дейін ұзартуға жақын. Сондай-ақ оны тағы бір маусымға созу мүмкіндігі болады екен. Ал жалақысы жылына үш миллион еуроны құрайды.
32 жастағы аргентиналық форвард «Ромаға» 2022 жылы «Ювентустен» еркін агент ретінде ауысып келген. Ол өткен маусымда 27 матчта үш гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді