27.06.2026 20:02

Угарте бір жылға қатардан шығуы мүмкін

27.06.2026 20:02

«Манчестер Юнайтедте» ойнайтын Уругвай құрамасының жартылай қорғаушысы Мануэль Угарте ауыр жарақат алды

25 жастағы ойыншы Әлем чемпионатының үшінші турындағы Испанияға (1:0) қарсы кездесуде тізесін оңбай зақымдап алыпты. Тіпті айқыш байламы үзіліп кетуі мүмкін деген қауіп бар. Егер ол рас болса Угарте 9-12 ай көлемінде алаңға шыға алмай қалады екен.

Угарте манкуниандықтардың сапына 2024 жылы ПСЖ-дан 50 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол өткен маусымда 24 матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады. Ал топтық кезеңде үш турдан кейін небәрі екі ұпай жинаған Уругвай мундиальмен ерте қош айтысты.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram