30.06.2026 19:24
Гонсалу Рамуш «Милан» ойыншысы атанды
30.06.2026 19:24
Гонсалу Рамуш ПСЖ-дан «Миланға» ауысты

Қос тарап 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Ал трансфер құны бонустармен есептегенде 50 миллион еуродан асады екен.
Бұл «Милан» тарихындағы ең қымбат трансфер болды. Бұған дейінгі рекорд 2019 жылы «Лилльден» 49,5 миллион еуроға ауысып келген Рафаэл Леауға тиесілі еді.
25 жастағы Португалия құрамасының форварды өткен маусымда 45 матчта 12 гол соғып, екі нәтижелі пас берді.