10.09.2025 21:06

Фабьянски «Вест Хэмге» қайта оралды

10.09.2025 21:06

Лукаш Фабьянски қайтадан «Вест Хэм» ойыншысы атанды

40 жастағы польшалық қақпашы лондондық ұжыммен маусым соңына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.

Осыған дейін Фабьянски келісімшарттың аяқталуына байланысты өткен маусымның соңында клубтан кеткен еді.

Фабьянски «балғашылар» намысын жалпы 216 матчта қорғап, 55 ойында қақпасына гол жібермеген.

Айта кетейік, Ағылшын Премьер-лигасының үш турынан кейін үш ұпай еншілеген «Вест Хэм» турнир кестесінің 16-сатысында келеді. Грэм Поттер шәкірттері келесі ойынын 13 қыркүйек күні «Тоттенхэмге» қарсы өз алаңында өткізеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram