10.04.2026 14:40
Фабиан Руис қашан оралады?
10.04.2026 14:40
ПСЖ жартылай қорғаушысы Фабиан Руистің жағдайы белгілі болды

Фабрис Хокинстің хабарлауынша, ол қатарға 2-3 аптадан кейін оралады. Қазір жеке бағдарлама бойынша жаттығып жүр екен.
Руис тізесіндегі жарақатына байланысты соңғы 15 матчтан тыс қалған еді.
30 жастағы испаниялық ойыншы осы маусымда 24 матчта екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді.