29.08.2025 11:27
Еуропа лигасына жолдама алған барлық клуб белгілі
29.08.2025 11:27
UEFA Еуропа лигасының 2025/26 жылғы маусымында сынға түсетін барлық клуб анықталды
Кеше, 28 тамыз іріктеудің плей-офф кезеңінің қарымта матчтары өтіп, нәтижесінде негізгі турнирге жолдама алған командалар белгілі болды.
Бірінші қоржын: «Рома», «Порту», «Рейнджерс», «Фейеноорд», «Лилль», «Динамо» Загреб, «Бетис», «Зальцбург», «Астон Вилла»
Екінші қоржын: «Фенербахче», «Брага», «Црвена Звезда», «Лион», ПАОК, «Виктория», «Ференцварош», «Селтик», «Маккаби» Тель-Авив
Үшінші қоржын: «Янг Бойз», «Базель», «Митьюлланд», «Фрайбург», «Лудогорец», «Ноттингем Форест», «Штурм», ФКСБ, «Ницца»
Төртінші қоржын: «Болонья», «Сельта», «Штутгарт», «Панатинаикос», «Мальме», «Иглз», «Утрехт», «Генк», «Бранн»
Жеребе тарту рәсімі бүгін, 29 тамыз Қазақстан уақытымен сағат 16:00-де өтеді. Салтанатты шараны көрермендер назарына Qazsport телеарнасы тікелей эфирде ұсынады.