26.10.2025 22:41
Эль-Класиконың үздік ойыншысы белгілі болды
26.10.2025 22:41
Килиан Мбаппе «Реал» – «Барселона» (2:1) матчының үздік ойыншысы атанды

Француз шабуылшысы 91 минут ойнап, бір гол соқты. Тіпті покер авторы атанып кетуі де мүмкін еді. Алайда екі добы офсайд деп танылып, бір мәрте пенальтиден мүлт кетті.
Мбаппе осы маусымда 12 ойында 15 гол соғып, екі нәтижелі пас берді.