26.10.2025 19:40
Эль-Класико тарихындағы үздік сұрмергендер
26.10.2025 19:40
Санаулы минуттардан кейін Ла Лиганың 10-туры аясында «Реал» мен «Барселона» кездеседі

Бұл тарихтағы 262-ші Эль-Класико болмақ. Осы аралықта жалпы 875 гол соғылыпты. Оның 440-ын «бланкос» тоғытса, 435-ін «блауграна» өз есебіне жазған.
Текетірестің үздік сұрмергені – Лионель Месси. «Барселонаның» аргентиналық аңызы ресми матчтарда «Реал» қақпасын 26 рет тулатқан. Үздік бестікте Мессиден бөлек Мадрид клубының намысы үшін ойнаған төрт футболшы бар. Олар: Криштиану Роналду (18 гол), Альфредо ди Стефано (18), Кәрім Бензема (16) һәм Рауль (15).
Ал бүгінгі ойынға қатысатын футболшылардың арасында Эль-Класикода жеті рет мергендік танытқан Винисиус Жуниор көш бастап тұр.

Мадридтегі Сантьяго Бернабеу атындағы стадионда өтетін кездесу сағат 20:15-де басталады. Матчты Setanta Sports 2 телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.