26.10.2025 22:08
Эль-класикода «Реал» жеңіске жетті
26.10.2025 22:08
Испания Ла Лигасының 10-турында «Реал» өз алаңында «Барселонадан» басым түсті

Сантьяго Бернабеу атындағы стадионда өткен Эль-класикода Мадридтің клубы 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Алаң иелері сапында Килиан Мбаппе мен Джуд Беллингем мергендік танытты. Ал Каталония клубының жалғыз голын Фермин Лопес соқты
Мбаппе покер авторы атанып кетуі де мүмкін еді. Алайда екі голы офсайд деп танылып, бір мәрте пенальтиден мүлт кетті.
Сондай-ақ матч соңында Педри алаңнан қуылып кетті.
Осылайша 27 ұпайын олжалаған «бланкос» турнир кестесінде жеке дара көш бастады. Ал еншісінде 22 ұпайы бар «блауграна» екінші орында келеді.
Хаби Алонсо шәкірттері келесі турда «Валенсиямен» кездеседі. Ханси Фликтің командасы болса «Эльчемен» күш сынасады.