02.09.2025 12:44
Эдерсон «Фенербахче» қақпашысы атанды
02.09.2025 12:44
Эдерсон «Манчестер Ситиден» «Фенербахчеге» ауысты
Түркиялық клуб бразилиялық қақпашыны 14 миллион еуроға сатып алды.
Қос тарап 2028 жылға дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Сондай-ақ, тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар.
Эдерсонның командадан кетуіне байланысты «қалалықтар» Джанлуиджи Доннаруманы қатарға қосады.
Эдерсон «Манчестер Сити» намысын 2017 жылдан бері қорғап келген еді. Осы аралықта жалпы 372 матчта «қалалықтар» қақпасын қорғап, 168 ойында гол жібермеді. Командамен бірге Англияның алты дүркін чемпионы атанып, бір мәрте Чемпиондар лигасында топ жарды.