02.09.2025 12:17

Хусанов қатардан шықты

02.09.2025 12:17

«Манчестер Сити» ойыншысы Абдукодир Хусанов екі аптаға қатардан шықты

АПЛ 3-туры аясында өткен «Брайтонға» (1:2) қарсы матчта өзбекстандық қорғаушы сол аяғының бұлшықетін жарақаттап алған екен.

Осыған байланысты, Хусанов Өзбекстан ұлттық құрамасының алдағы матчтарына қатыса алмайды.

Өткен маусымда Хусанов «Манчестер Сити» сапында 26 ойын өткізіп, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы Ұлттар кубогы аясында 2 қыркүйек Түркіменстанмен кездессе, араға үш күн салып, Қырғызстанмен күш сынасады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram