01.09.2025 12:50
Довбик «Ромада» қалатын болды
01.09.2025 12:50
«Рома» ойыншысы Артём Довбик клубта қалатын болды
Римдік клубтың спорт директоры Фредерик Массара украиналық шабуылшының ешқайда ауыспайтынын айтты.
— «Довбик пен Сантьяго Хименесті айырбастау жүзеге аспады. Трансфер кезеңінің соңғы сағаттары қарбаласқа ұласып кетті. Бірақ, Довбикке әлі ресми ұсыныс түскен жоқ. Довбик бүгінде «Рома» шабуылшысы. Соңғы сәттерде тосын ұсыныс келіп түсуі мүмкін, бірақ мен оған сенбеймін»,– деді Массара Sky Sports-қа берген сұхбатында.
Осыған дейін Довбиктің трансфері жөнінде «Рома» мен «Миланның» келіссөз бастағаны мәлім болған еді.
Довбик өткен маусымда 45 ойын өткізіп, 17 гол соғып, төрт нәтижелі пастың авторы атанды.