27.09.2025 12:56

Доннарумма қалай үздік қақпашы атанды?

27.09.2025 12:56

«Алтын доптың» ресми парақшасы ең үздік қақпашыға табысталатын Лев Яшин атындағы марапатқа дауыс беру нәтижесін жариялады

Жүлде иегері Доннарумма 486 ұпай жинап, екінші орындағы Алиссонды (120) 366 ұпайға артқа тастапты. Сондай-ақ үздік үштіктің қатарына Ян Зоммер (112) енді.

Дауыс беру нәтижесі төмендегідей:

  1. Джанлуиджи Доннарумма – 486 ұпай

  2. Алиссон – 120

  3. Ян Зоммер – 112

  4. Тибо Куртуа – 69

  5. Яссин Буну – 48

  6. Давид Райя – 31

  7. Ян Облак – 31

  8. Эмилиано Мартинес – 7

  9. Люка Шевалье – 5

  10. Матц Сельс – 4.

Доннарума өткен маусымда 47 матчқа қатысып, 43 гол өткізіп, 17 ойында қақпасына доп жібермеді. Бұған қоса ПСЖ-мен бірге тарихи требл жасап, Франция Суперкубогында топ жарды.

Италия құрамасының қақпашысы 1 қыркүйектен бері «Манчестер Сити» сапында ойнап жүр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram