27.09.2025 12:29
Копа Трофи – 2025: дауыс беру нәтижесі белгілі болды
27.09.2025 12:29
«Алтын доптың» ресми парақшасы жылдың ең үздік жас ойыншысына табысталатын Копа Трофейіне дауыс беру нәтижесін жариялады
Жүлде иегері Ламин Ямаль 124 ұпай жинаған. Екінші орынды иеленген Дезире Дуэ 72 ұпайды еншілеген. Ал үздік үштікті түйіндеген Витинья мен Эстеваоның қанжығасына 23 ұпай жазылыпты.
Дауыс беру нәтижесі мынадай:
Ламин Ямаль – 124 ұпай
Дезире Дуэ – 72
Жоау Невеш – 23
Эстевао – 23
Кенан Йылдыз – 6
Дин Хейсен – 5
Пау Кубарси – 3
Родригу Мора – 1
Айюб Буадди – 0
Майлз Льюис-Скелли – 0.
18 жастағы Ямаль өткен маусымда 55 матч өткізіп, 18 гол соғып, 25 нәтижелі пас берді. Осылайша бұл жүлдені екінші жыл қатарынан жеңіп алды.