28.01.2026 15:03
Дюмфрис қашан оралады?
28.01.2026 15:03
«Интер» қорғаушысы Дензел Дюмфристің жағдайы белгілі болды

Паскуале Гуарроның хабарлауынша, 28 жастағы ойыншы алдағы екі аптаның көлемінде топтық жаттығуға қосылады. Ал алаңға 22 ақпан күні болатын «Леччеге» қарсы ойында оралады екен.
Дюмфрис тобығындағы жарақатына байланысты соңғы 16 матчқа қатыспаған еді. Ол осы маусымда 15 матчта үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді.