31.12.2025 17:48
Дембеле жылдың үздік ойыншысы атанды
31.12.2025 17:48
ПСЖ шабуылшысы Осман Дембеле 2025 жылдың үздік футболшысы атанды

Бұл марапатты оған Flashscore қосымшасы табыстайды.
Дембеле ПСЖ-мен өткен маусымда тарихи требл жасап, Франция Суперкубогын жеңіп алған еді. Сондай-ақ ол France Football нұсқасы бойынша «Алтын доп» және FIFA беретін «The Best» жүлдесінің иегері атанды.
28 жастағы шабуылшы осы маусымда 14 матчта төрт гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.