24.05.2026 15:56

Дембеле «Арсеналға» қарсы ойнамауы мүмкін

24.05.2026 15:56

ПСЖ дүлдүлі Осман Дембеле Чемпиондар лигасының финалына қатыспауы мүмкін

L'Equipe хабарлауынша, ол осы апта жаттығу кезінде ұйымдастырылған жолдастық кездесуде жарақатына байланысты ойнамапты. Егер енді сейсенбі күнгі жаттығудан тыс қалатын болса, «Арсеналға» қарсы матчқа қатыспауы мүмкін екен.

Осыған дейін оның командаласы Ашраф Хакимидің ақтық ойынға дайын болмайтыны белгілі болған еді.

Чемпиондар лигасының финалы 30 мамыр күні Венгрия астанасы Будапештегі «Пушкаш Аренада» өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram