24.09.2025 11:24
Де Йонг «Барселонамен» келісімшартын ұзартуға жақын
24.09.2025 11:24
Френки де Йонг «Барселонамен» келісімшартын ұзартуға жақын
Mundo Deportivo мәліметінше, каталониялық клуб 28 жастағы қорғаушыға 2029 жылға дейін жарамды болатын жаңа келісімшарт ұсыныпты.
Де Йонг те құжатқа қол қоюға дайын екен. Қазіргі таңда келіссөз сәтті өрбіп жатыр. Жуырда ресми түрде хабарланады.
Френки «блауграна» намысын 2019 жылдың шілде айынан бері қорғап келеді. Осы аралықта жалпы 263 матч өткізіп, 19 гол соғып, 23 нәтижелі пас берді.