02.10.2025 11:25
Де Брюйне Иньеста және Зиданмен теңесті
02.10.2025 11:25
«Наполи» ойыншысы Кевин де Брюйне Чемпиондар лигасының үздік ассистентері тізімінде бір саты жоғарылады
Бельгиялық жартылай қорғаушы «Монакоға» (2:1) қарсы ойында өзінің турнирдегі 29 және 30-шы нәтижелі пастарын берді.
Осылайша бұл көрсеткіш бойынша 5-орынға көтеріліп, Андрес Иньеста және Зинедин Зиданмен теңесті.
Рейтингтің алдыңғы қатарына Райан Гиггз (41), Анхель Ди Мария (38), Дэвид Бекхэм (36) және Хави (31) жайғасқан.
Айта кетейік, Де Брюйне Чемпиондар лигасында жалпы 81 матч өткізіп, 16 гол соғып, 30 нәтижелі пас берген.