03.09.2025 11:31
Чемпиондар лигасының басты фавориті аталды
03.09.2025 11:31
FourFourTwo нұсқасы Чемпиондар лигасын жеңуге үміткер басты клубтарды жариялады
Тізімнің көшін былтырғы чемпиондар – ПСЖ клубы бастап тұр. Екінші орынға «Барселона» жайғасса, үздік үштікті «Ливерпуль» түйіндеген.
FourFourTwo нұсқасы бойынша Чемпиондар лигасының басты фавориттері:
ПСЖ
«Барселона»
«Ливерпуль»
«Реал»
«Челси»
«Бавария»
«Арсенал»
«Манчестер Сити»
«Наполи»
«Интер»
Жаңа маусымның алғашқы туры 16-18 қыркүйек аралығына жоспарланған.
Еске салсақ, өткен маусымда «ПСЖ» финалда «Интерді» 5:0 есебімен тізе бүктіріп, тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасында топ жарған еді.