28.08.2025 19:52
Чемпиондар лигасы финалының уақыты өзгерді
28.08.2025 19:52
2026 жылдан бастап UEFA Чемпиондар лигасы финалының уақыты өзгереді
Яғни, ақтық кездесулер Қазақстан уақытымен түнгі 00:00-де емес, 21:00-де басталатын болады.
— Матч ертерек басталса, сәйкесінше ертерек бітеді. Осылайша, жанкүйерлер сенбінің кешінде қалған уақытты отбасымен немесе достарымен матчты талқылай отырып, тиімді өткізе алады, — деді УЕФА президенті Александер Чеферин.
2026 жылғы финал 30 мамыр Венгрия астанасы Будапешт қаласында орналасқан «Пушкаш Аренада» өтеді.
Ал жаңа маусымның алғашқы туры 16-18 қыркүйекке жоспарланған.
Еске салсақ, өткен маусымда «ПСЖ» финалда «Интерді» 5:0 есебімен тізе бүктіріп, тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасында топ жарған еді.